Рамазан Стамғазиев: “Ұлтуға ойыншық машина сыйладым”

490

 

Қазақстанның  еңбек сіңірген әртісі, дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев “Ең алғашқы” бағдарламасына берген сұхбатында Ұлту Қабаевамен мешітте неке қидырған сәтін еске алды.

“Біз өзімізді ана заманның адамы деп айтамыз ғой. Сол замандарда Ұлту екеуміз молданың алдына барып неке қидырған жоқпыз. Ол кезде студентпіз, барып, неке туралы куәлігімізді алдық. Ортада біраз жыл өтті. Балалар аяққа тұрды. Бір күні қызым келіп, Құдай алдында қол ұстасып, неке суын ішуімізді сұрады. Ертең барамын дедім. Ұлтуды, Ахмет деген досым мен оның жарын ертіп, орталық мешітке барып, неке қидырдық”, – деді Стамғазиев.

Неке қидырған соң молда Ұлту Қабаевадан не қалайтынын сұраған.

“Ол бетіме қарады да “көлік бересің” деді. Молда менен сұрады. Алып беретінімді айттым. Бір күні “Ұлту, сен қандай көлік қажет екенін нақты айтқан жоқсың” деп, ойыншық көлік сыйладым”, – дейді әнші.

Әншінің айтуынша, Ұлту Қабаеваның жеке көлігі бар. Неке қидырғанға дейін де болған.

Advertisements