ШЫМКЕНТ: Тұрғындар ойландырып жүрген сұрақтарына мамандар тарапынан толық жауап алды

338

Әл-Фараби ауданына қарасты Қазыбек би және Майлықожа көшесіндегі көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесу өтті.

Оған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасы мамандары және көпқабатты үй тұрғындары қатысты.

Жиналыс барысында өзекті мәселелердің бірі «Бір үй-бір бірлестік-бір шот» қағидаты туралы сөз қозғалды. Тұрғындар ойландырып жүрген сұрақтарына мамандар тарапынан толық жауап алды. Нәтижесінде тұрғындар мүлік иелерінің бірлестігін құруға шешім қабылдады.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданы мүлік иелерінің бірлестігі мен жай серіктестік құруда көш бастап тұр. Бүгінде аудан аумағындағы 51 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі, ал 83-де жай серіктестік тіркелді.

Сонымен қатар тазалық жұмыстарына аула тұрғындары атсалысты. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, ұйымшылдықтың арқасында балалар алаңшасындағы ойын элементтері мен орындықтарды сырлау, ауланың шөбін орып, сыпыру, ағаш қырқу, қоқыс шығару сияқты санитарлық тазалық жұмыстарына тұрғындар да жұмылды.

Advertisements