ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданының әкімі үй басқарушыларымен мәжіліс өткізді

349

Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов аудан аумағына қарасты көп қабатты үйлердің үй басқарушыларымен онлайн мәжіліс өткізілді. Мәжіліс барысында аудан басшысы көп қабатты үй тұрғындарына МИБ (мүлік иелерінің серіктестігі) жəне ҚС (қарапайым серіктестік) құруының маңыздылығы мен ерекше тұстарын түсіндірді.

Сондай-ақ, аудан басшысы жалпы басқарудың екі нысаны қарастырылғанын айтып, оларға Заң аясында кеңінен тоқталып өтті. Осы орайда, мүліктің меншік иелерінің бірлестігі (ММИБ)– бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум нысанын басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін, «бір үй- бір ММИБ- бір есепшот» принципіне негізделген заңды тұлға ретінде тіркелген коммерциялық емес ұйым екенін айтты.

Жай серіктестік (ЖМ) – заңды тұлға құрмай, «бір үй – бір ЖС – бір есепшот» принципі бойынша жұмыс істейді. Бір іргетаста орналасқан не үйге ортақ бірыңғай инженерлік жүйелері бар көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамының келісімі бойынша бір ММИБ немесе ЖС құруға құқылы екенін жеткізді.

Сонымен бірге, онлайн мәжіліс барысында үй басқарушылары тарапынан аталған мәселеге байланысты сауалдар қойылып, шешімін табу жолдары ортақ талқыланды.

Қазіргі таңда Қаратау ауданында 9 меншік иелерінің бірлестігі және 139 жай серіктестік құрылған.

Advertisements