№3 қалалық емханада күніне 500-ден аса адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады

326

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шымкентке келген қызметтік сапары барысында №3 қалалық емхананың жұмысымен танысты. А.Цой алдымен емдеу мекемесіндегі екпе егу кабинетттерін тексеріп, вакцинациялау жұмыстарының барысын көрді.

№3 қалалық емханада алғашқылардың бірі болып екпе егу кабинеті ашылған еді. Мұнда күніне 500-ден аса адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады.

Сондай-ақ, министр емхана жанынан құралған мобильді бригадалар жұмысымен де танысты. Мобильді топ қызметкерлері емханада тіркелген науқастарға үй жағдайында амбулаториялық медициналық көмек көрсетеді.

Емхананың бас дәрігерімен сұқбаттасқан Алексей Цой науқастарға көрсетілетін қызметтер емхана деңгейінде күшейтілсе, ауруханаға түсетін пациенттер санын азайтуға болатынын айтып, мобильді бригадалар санын көбейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі «Медикер» медициналық орталығының жұмысымен танысты. Орталықты аралап шыққан министр оңалту емін алып жатқан науқастардың жағдайын көріп шықты.

Орталықтың жай-күймен танысқан министр А.Цой пандемиямен күресте алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрген жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, өз алғысын білдірді.

Advertisements