ШЫМКЕНТ: 276-орамға инфрақұрылым жүйелері тартылуда

289

Биыл Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында 11 елдімекенде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соның бірі Сауле шағын ауданының жаңақұрылыс аумағында (276 орам) ішкі орамдық жүйелер тартылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. «АГАТ» мердігер мекемесі құрылысты осы жылдың маусым айында бастаған. Бүгінде су құбырының 45 пайызы тартылды. Құрылыс жұмысы толығымен қараша айында аяқталып, Сәуле шағын ауданының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, 276-орамды сапалы ауыз сумен қамтудан бөлек, электр бағаналары да қойылып жатыр. Бұл мақсатта мердігер мекеме «АқсемсерСтройСервис» тарапынан құрылыс жұмысы ағымдағы жылдың шілде айында басталды. Бүгінгі күнге дейін 130 электр бағанасы орнатылды. Құрылыс жұмысы 2022 жылдың IV тоқсанында аяқталып, 1305 тұрғын үй сапалы электрмен қамтылады.

Жоспар бойынша Сәуле шағын ауданының жаңақұрылыс аумағында барлығы 76,43 шақырым электр желілері тартылып, 918 электр бағанасы және 1 электр тарату пункті қойылатын болады.

Advertisements