Шымкентте биыл мыңға жуық отбасы жалдамалы тұрғын үймен қамыталады

285

Биыл Шымкентте 976 азаматты сатып алу құқығынсыз арендалық пәтермен қамтамасыз ету көзделіп, 6  айдың қорытындысы бойынша 608 азамат тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде 300 жалдамалы баспана жұмыс істеп жүрген жастарға, 18 пәтер жетім балаларға, 148 пәтер көпбалалы отбасыларға, 142 пәтер  халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына қолданысқа берілді. Қалған 368 пәтер тұрғын үйлердің  құрылысы аяқталуына қарай үлестірілетін болады. Бұл туралы Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов мәлімдеді.

Қазіргі таңда арендалық тұрғын үйлер белгіленген тәртіппен кезек арқылы көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және жұмыс істейтін жастарға қарастырылған. Ал, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясындағы несиелік бағдарламалар ұсынылуда.

Биыл  мұқтаж азаматтарға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде әр азаматқа 1 миллион теңгеден берілетін тұрғын үй сертификаттарына жалпы 500,0 млн. теңге қарастырылып отыр. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет толығымен электрондық форматқа көшірілген. Бұл қызмет бойынша азаматтардың құжаттарын қабылдау – ақпараттық жүйенің www.kezekte.kz  сайты арқылы ағымдағы жылдың шілде айының 26 жұлдызынан бастап  жүзеге асырылатын болады.

Advertisements