ШЫМКЕНТ: Қызыл су тұрғын алабындағы ауыз су мәселесі шешімін тапты

287

Қызыл су тұрғын алабындағы ауыз су мәселесі шешімін тапты, – деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Қызыл су тұрғын алабындағы тұрғындардың көптен бері көтеріп жүрген  ауыз су мәселесі қазіргі уақытта түбегейлі шешілді. Бүгінгі күнге дейін тәулігіне 3,4 сағат қана су берілетін тұрғын алабта,  бүгінгі күні тәулік бойы үздіксіз сапалы ауыз суды пайдалануға берілуде.

Жалпы қала бойынша шалғайда орналасқан тұрғын алабта  ауыз су мәселесін оңтайландыру мақсатында Шымкент қаласы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жауапты мамандары тарапынан «Родник-2004» ЖШС-і   бірқатар жұмыстар атқарылды.

Нәтижесінде, іске қосылмаған 50 м3 су жинақтағыш жөнделіп, құбырларды жуып-тазалау, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, 200-ге жуық абонент тұрақты түрде ауыз су тұтынуда.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша шалғай орналасқан елді мекендерде инфрақұрылым мәселесін түбейді шешу мықтап қолға алынуда.

 

Advertisements