ЖОЛДАУ: Мұғалімдерді қайта даярлау қазіргідей бес жылда емес, үш жылда бір рет жүргізілуі керек

274

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы Білім күнімен тұспа-тұс келді. Президент Жолдауы – өткенге есеп беріп, алдағы бағытты айқындайтын аса маңызды оқиға болғандықтан халықтың да күтері көп.

Осы жолғы Жолдауда да өзекті мәселелер назарға алынды.

Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартыпе, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға негізделген жаңа шешімдер қабылданды. «Білім саласына қатысты не айтылар екен?» деп елеңдегеніміз рас. Бұл жолы да білім саласы назардан тыс қалған жоқ. Пандемия жағдайында да білім беру үрдісін сапалы жүргізу үшін билік тарапынан қолдау көрсетілді.
Қуаныштысы, өткен жылғы Жолдауда тілге тиек болған педагогтердің әл-ауқаты мен беделін арттыру жолындағы жұмыстар жалғасатын болды. Материалдық қолдау шаралары «Цифрлық мұғалім» білім беру жобасымен толықтырылып отыр. Бұдан бөлек, елімізде оқушыларға орын жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін 1000 мектеп салу міндетін алға тартты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы білім беру ісіне білікті жас мамандарды тарту, ынталандырудың маңызына да тоқталды.
Президент Жолдауда мұғалімдерді моральдық және материалдық жағынан көтермелеу қажеттігін де атап өтті: «Білім беру жүйесіне ынталы және білікті мұғалімдер қажет.
Менің ойымша, мұғалімдерді қайта даярлау қазіргідей бес жылда емес, үш жылда бір рет жүргізілуі керек», – деген ұсынысы да құптарлық.
Маңызды құжатта Президент ғылымға да айрықша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Бұл тұрғыда ол ТМД елдерінің көбінен артта келе жатқанымызды жасырмады. Дегенмен, лайықты деңгейде жұмыс істелсе, бұл да жөнге келер кемшілік екені сөзсіз. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, аталған Жолдауда ел азаматтарының көкейіне үміт ұялатып, қоғамды дамытуға құлшынысын арттырарлықтай маңызды басымдықтар айтылды.

Арман ОРЫНБЕКОВ,

Шымкент қаласы № 90 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы

Advertisements