Әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындаған Президент Жолдауы үлкен стратегиялық маңызға ие

253

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жолдады. Еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындаған Президент Жолдауы үлкен стратегиялық маңызға ие.

Ең ауқымдысы – пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму. Қазіргі таңда Орталық Азиядағы экономикасы ең ауқымды ел саналатын Қазақстан пандемияның зардабын тартуда. Алайда, қиындықтарға қарамастан бағдарымызды берік ұстанып келеміз.

Мемлекет басшысы атап өткендей, орта мерзімді экономикалық саясатымызды айқындап, мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейін дамудың ұлттық жоспарын және мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қабылданды. Бұл шаралар еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мақсатты – Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейтуді және әлемдік экономикадағы орнымызды нығайтуды көздейді.
Елімізде пандемия кезінде мемлекет тарапынан азаматтарға және кәсіпкерлерге ауқымды әрі жедел қолдау көрсетті.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Оны жүзеге асыру барысында 3,5 мыңнан астам жоба іске қосылып, 70 мың жұмыс орны ашылған. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, 150 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Сондықтан Президент «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұзарту туралы шешім қабылдағанын атап өтті.
Жолдауда әлеуметтік саладағы күрделі мәселелерге ерекше назар аударылды. Алдағы уақытта әлемде коронавирустың жаңа штамдары мен басқа індеттер пайда болуына қарамастан, осындай жағдайда өмір сүруге, әрі қарай дамуға бейімделу керектігі айтылды. Сонымен бірге, Президент медицина саласына қомақты қаржы құйып, бұл қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауда және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс екендігіне назар аударды.
Сондай-ақ, маңызды құжатта халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған төменгі жалақы, жайылымдар, бағаларды реттеу, зейнетақы реформасы, таза ауыз сумен қамту және басқа да маңызды әлеуметтік мәселелер атап өтілді.
Бұл мәселелер «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында да көрініс тапқан.
Біз қолға алынған бағдарламалардың орындалуына партиялық бақылауды күшейтеміз.
Біз «Nur Otan» партиясының мүшелері, ел болып бірігіп, Президент Жолдауындағы өзгерістердің жаңа деңгейіне қадам басуға әрқашан дайынбыз.

Бекайдар Тулегенов,

«Nur Otan» партиясы Шымкент

қалалық филалы төрағасының

орынбасары, қалалық

мәслихаттағы фракция жетекшісі

Advertisements