Шымкент қаласына келуші туристер саны артуда

227

Шымкент қаласына келуші туристерге қызмет көрсетіп, тарихи, мәдени және басқа да нысандарды таныстыратын гид-экскурсоводтардың саны артуда. Шаһарға келуші қонақтардың ең жиі баратын нысандар қатарына ең алдымен қонақ үйлер, тамақтандыру орындары және демалыс аймақтары кіреді.

2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енген, көне және қасиетті орындарға бай қала болып саналады. Мәселен, Шымкент қаласында тарихи-мәдени орындар тізіміндегі ескі қалашық аумағындағы «Цитадель» қорғаны, Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелері, Мәртөбе, Хызыр мұнарасы, «Қылует» этно-музейі, Қошқар ата кесенесі, Дәуітұлы Шыңғысбай қажы сынды тарихи нысандар жетерлік.

Аталған тарихи орындарға Қазақстанның өзге қалаларынан және шет елдерден келуші азаматтар қатары көбейген. Олар міндетті түрде қаланың көрікті жерлерімен қатар тарихи орындарын да тамашалайды. Сол себепті де, оларға қызмет етер гид-экскурсоводтарға да ерекше назар аударылған.

Advertisements