ШЫМКЕНТ: Депутаттар энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының есебін тыңдады

268

 

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының құрылыс және аумақты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен мәжілісі болып өтті. Тұрақты комиссяда Анарбеков Нұрпейіс Жапарұлы төрағалық етті. Жиында Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары – Мақұлбеков Бакен Пернебайұлының жылу маусымына дайындық шаралары туралы есебі тыңдалды.

Сонымен қатар, жиында бір қатар депутаттық сауалдарға жауаптар алынып, сын ескертпелер айтылды. Ал күн тәртібіне қойылған мәселердің шешім жобалары 16 қыркүйек 2021 жылғы жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясында ұсынылатын болады.

Шымкент әкімінің тұрғындарға қолайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, шалғай орналасқан елдімекендердің инфрақұрылым мәселесін шешу мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 10 тұрғын алаптағы жекеменшік жүйедегі 2,5%-ды және жаңа құрылыс учаскелеріндегі қамтылмаған 1,0%-ды сапалы электр қуатымен қамту үшін қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС-мен жобалық сметалық құжат әзірленуде екенін айтты. Ағымдағы жыл соңында ЖСҚ аяталған соң, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге өтінім беріледі.

Advertisements