ШЫМКЕНТ: Тіл- халықтың рухани – мәдени мұрасының ерекшеліктерін бейнелеуші

276

Тіл – ойды, сезім мен эмоцияны білдіру құралы. Әр халықтың рухани – мәдени мұрасының ерекшеліктерін бейнелеуші. Қазақстан халқы Тілдері күні қарсаңында Достық үйінде Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері қатысқан “Тіл бірлігі – халық бірлігі” атты этноквиз өтті.

“Этноквиз– бұл сұрақтарға жауап беру арқылы әртүрлі этностардың әдет– ғұрыптары мен дәстүрлерінің ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік беретін зияткерлік ойын. Біз өз кезегімізде қатысушы командалар үшін тақырыптар спектрін барынша әртараптандыруға тырыстық және көптеген қызықты, стандартты емес тапсырмаларды қостық”– дейді ұйымдастырушылар.
“Білгірлер сайысы” 3 кезеңде өтті. Бірінші кезең мерекенің тарихын, яғни Тілдер күні жөніндегі білімдеріне тексеріс болды. Екінші кезең эрудицияға сынақ, бұл кезеңде қатысушылар мақал-мәтелдердің иелігін көрсету керек болды. Ал үшінші – қорытынды кезең, әдебиет, өнер және ғылым саласындағы мәселелерді қамтығандықтан, біздің қатысушыларымыздың көкжиегінің кеңдігінің өлшемі болды. Жастар нұсқаулықтарды басшылыққа ала отырып, белгілі ғалымдардың, ақындардың, билердің және басқа да көрнекті қайраткерлердің тұлғаларын “құпиясыздандырды”. Айта кетер болсақ, ойын қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.
3 команда ойынға күш– жігерлерін қалдықсыз “инвестицияландырды”. Әркім өзінің зияткерлік әлеуетін көрсетті. Ойын жоғары деңгейде өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша 1-ші орынды ” Полиглоты ВКО” командасы, 2-ші орынды “Ине мен жіп” командасы, 3 – ші орынды “Еркін сөз” командасы иеленді.

“Этноквизге қатысу өте қызықты болды. Бәсекелестік рух бізді бөлмей, тек бір-бірімізді жаңа қырдан тануға мүмкіндік берді. Барлық балалар өздерін көрсете алды және көптеген қызықты нәрселерді білді. Келесі осындай турнирлерге қатысуға қарсы емеспін”, – деп бөлісті ойыншылардың бірі өз әсерімен бөлісті.

Advertisements