ШЫМКЕНТТЕ АЛДАҒЫ ЖЫЛДАРЫ 1 МЫҢ ТӨСЕК ОРЫНДЫҚ АУРУХАНА САЛЫНАДЫ

313

 

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруды айтты.

Осы бағытта Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 1 мың төсек орындық аурухана салынады деп жоспарлануда. Сонымен бірге 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі. Қала орталығынан шалғайда орналасқан аумақтарда 12 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталатын болады.

Бүгінгі күні қалада 36 медициналық ұйымның материалдық базасы жаңартылған. 6 медициналық ұйымның ғимараттары биыл күрделі жөндеуден өткізілген.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында жыл сайын 300 мыңнан астам скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қаражаты артады.

Президент отандық дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтың үлесін бүгінгі 17 пайыздан 50 пайызға жеткізу межесін белгіледі. Қаламызда фармацевтикалық кластер дамыған. Медицина жабдықтарының өндірісі де жолға қойылған. Бұл көрсеткішке қол жеткізуге мегаполистің әлеуеті жетеді деп сенеміз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Advertisements