ШЫМКЕНТ: Жұмыспен қамту жол қартасы аясында 392 жаңа жұмыс орны ашылды

277

Мемлекеттік бағдарламаның 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде биыл 12 инфрақұрылымдықжоба нақтыланып, микрокредит беру және бизнесті дамыту бағыттары бекітілген болатын. Бұл нысандарға: 2 білім беру, 1 спорт, 1 су және 8 электрмен қамту нысаны бой көтеруде. Жоба шеңберінде 392 жұмыс орындарын құру жоспарланып, оның ішінде198 орынға азаматтар жұмысқа Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдау жоспарланған. Бүгінге дейін жоба аясында жалпы 230 азамат жұмысқа орналасқан. Ал орталық арқылы 154 азамат құрылыс жұмысына жолданып отыр. Осы тартылған жұмыс күшімен нысандарда құрылыс-монтаж жұмысы жүргізілуде. «Құрылыс нысандарының іске асырылуы барысымен Шымкент қаласының әкімдігі жанынан құрылған жол картасының іске асырылуын үйлестіру және мониторингтеу жөніндегі комиссия мүшелері танысты. Қала әкімінің орынбасары, басқарма өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және БАҚ өкілдерінен құралған комиссия мүшелері нысандарда атқарылып жатқан жұмыс барысы мен жұмысшылардың еңбек жағдайын бақылады. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ»,- делінген хабарламада. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында шағын, орта бизнесті дамыту, жұмыс орындарын құру үшін микрокредиттер беру көзделген. Жұмыс іздеп жүрген азаматтар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарынажүгініп, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатыса алады. Орталықтары қажетті біліктілігі бар мамандарды іріктеп, жұмыс беруші-мердігер компанияға жолдайды.

Advertisements