Шымкентте металл бөшкелерін шығаратын кәсіпорын ашылды

381

Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Елорда күні мерекесі аясында бірқатар ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік нысандары ашылды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысандардың онлайн форматта ашылу рәсіміне қатысты.

Мерекеге орай қалада 344 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін, жалпы соммасы 6,2 млрд теңге 11 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды. Атап айтқанда, «UKO-S Star» ЖШС, «СК-АЙМАҚ» ЖШС, «TABA INDUSTRIAL» ЖШС, «KASPY STEEL» ЖШС, «Балкибеков» ЖК, «SAGITEX GROUP» ЖШС, «AgroPark» ЖК, «Барыс 2007» ЖШС, «Халаев» ЖК, «Зертас» және «Алтынсай» ШҚ жұмысын бастады.

«UKO-S Star» ЖШС — металл бөшкелерін шығаратын кәсіпорын. Зауытта 40 адам жұмыспен қамтылып, 500 млн теңге инвестиция тартылған. Өндіріс заманауи технологиялармен жабдықталған және жылына сыйымдылығы 150 литр болатын 100000 дана болат бөшке өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Мемлекеттің қолдауымен «Тассай» индустриялық аймағынан 2 гектар жер телімі берілген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Advertisements