Шымкентте үш жылдық инвестиция 1,2 трлн теңгеден асты

279

 

«Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне де тоқталып өткен болатын.

«Еліміздің тәуелсіздік жылдары өсіп-өркендеуін біздің қаламыздың экономикалық-әлеуметтік ахуалынан да аңғаруға болады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын қай салада болсын жоғары көрсеткіштермен қарсы алып отырмыз. Бір ғана мысал, қала бюджеті 1991 жылы 1 млрд теңге болатын, күні бүгін 480 млрд теңгеден асты. Инвестиция көлемі соңғы үш жылда 1,9 есеге өсіп, 214 млрд теңгеден биыл 400 млрд теңгеге жетеміз деп отырмыз. Осыдан 3 жыл бұрын өнеркәсіп өнім көлемі 411 млрд теңге болса, жыл соңында 710 млрд теңге болады деп күтілуде. Салық базасы өсіп, жергілікті бюджетке түсімдер 57 млрд теңгеден 150 млрд теңгеге жетті. Үш жылдық инвестиция 1,2 трлн теңгеден асты»,-деді әкім.

Қаланың негізгі экономикалық көрсеткіштерінде өсім қарқын алып келетінін айтқан қала басшысы 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 243,3 млрд теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға артқанын мәлім етті. Ал өнеркәсіп саласында үлесі 84,4%-ды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 205,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 14,4%-ға өскен.

 

Advertisements