БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН МАГИСТРАЛДЫ ЖЫЛУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

237

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы Ерімбетов көшесінің бойындағы магистралды жылу жүйелерінің құрылыс жұмыстары қала әкімінің ескертуінен кейін қарқын алды. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Боранбаев бастаған бір топ журналист «Сайрам» шағынауданындағы АДЦ-160 Гкал қазандығынан РК-1 аудандық қазандыққа дейінгі магистралды жылу құбырының қазіргі жағдайымен танысты.

Салалық басқарма басшысы бұл нысан аяқталса, Еңбекші ауданындағы 340 көп қабатты тұрғын үй сапалы жылумен қамтылатынын жеткізді.

Мердігер «Компания Нурай Строй» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың төртінші тоқсанында аяқтауды жоспарлауда. Нысанның жоба құны – 2 597,7 млн теңге. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 70 пайызы орындалған.

Айта кетейік, Еңбекші ауданындағы 530 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. «Қуат жылу орталық-3» МКК-мен бірлесе тұрғын үйлерді қысқа дайындау іс-шарасы бекітілді. Ауданда қызмет көрсететін 9 сервистік компания тұрғын үй инженерлік жүйелерін 2020-2021 жылға қысқы жылу маусымына дайындау мақсатында 300-ден астам келісімшарт түзілген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Advertisements