“Халық алдында жүрген адам емес” Мақпал Исабекова болашақ күйеуі жайлы

460

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова жақында ғана қалыңдық атанды. Өнер иесінің жанкүйерлері ол үшіг аса қатты қуанып, оның таңдауы кімге түскенін біле алмай әлек болуда. Алайда, эстрада жұлдызы сүйіктісінің кім екенін айтуға асық емес. Ол бұл шешімнің себебін де түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова қуанышына ортақтасып, өзіне құттықтаулар жолдап жатқан көпшілікке өз алғысын білдірді. Әнші Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде арнайы видео жолдаған.Өнер иесі бейнежазбасында болашақ күйеуінің кім екенін не себепті айтпайтынын түсіндірді.

‘Мені шын жүректен құттықтап жатқандардың барлығына алғысым шексіз. Бұл құдды менің туған күнім секілді болды. Көптеген адам құттықтап, өз жүрекжарды тілектерін жолдап жатты. Мен сіздердің жылы лебіздеріңізді сезіндім. Бұл керемет сезім. Көбісі болашақ жолдасымның кім екенін білгісі келетіні анық. Менің оны не үшін жасырып жүргенімді де сұрап жатқандар жетерлік. Бұл тұрғыда сіздердің түсініктеріңізге үміт артамын. Себебі, менің күйеужігітім мүлдем халық алдындағы адам емес. Ол менің Instagram парақшамда шыққысы келмейді. Халық оны білгенін қаламайды. Мен оның қалауы мен пікірін қатты құрметтеймін. Соған қоса, адамды оның еркінен тыс әрекеттерді жасауға мәжбүрлей алмаймын” , – деді әнші.

Advertisements