ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАРУАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

303

Түркістан облысында шаруаларды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру шаралары жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығының сала мамандары Сарыағаш және Келес ауданы диқандарымен көктемгі егіс науқаны бойынша қаржылай қолдау көрсету мақсатында кездесу өтті. Негізгі жоспар – ауыл шаруашылық субъектілерін несие алуға ынталандыру.
Жиында егін егуге, егістікке қажетті техника сатып алауға ниетті шаруаларға мемлекет тарапынан жасалған мүмкіндік мол екені баяндалды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Т.Оспановтың айтуынша, кәсібін өркендетемін деген диқандарға көктемгі егіс жұмыстарына қажетті қаражатты мемлекеттің қолдауы аясында төмен пайызды несие рәсімдеу арқылы қол жеткізе алады.

«Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 2 млрд теңге көлемінде қаражат тарту мақсатында келісім-шарт түзілуде. Біз түскен қаржыны шаруалардың қолына дер кезінде жеткізуге дайынбыз. 2019 жылы бөлінген қаражат көлемі 1,7 млрд теңгені құраған. Оны толық игеріп, қайтардық. Бүгінде аудандардағы шалғай елді мекен диқандарымен тікелей кездесу жұмыстарын жүргізудеміз», -деді «Ырыс» МҚҰ-ң басқарма төрағасы М. Мыңбаев.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Advertisements