Түлкібастық футболшылар Республикалық “Былғары доп” лигасының чемпиондары атанды

411

Түлкібас ауданына қарасты Майтөбе ауылының Ю.Гагарин атындағы мектебінің 5-6 сынып оқушыларынан құралған футбол командасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының чемпиондары атанды.
Ауданнан ірктеліп шыққан команда, Түркістан облысында үздік атанып, Республикада облыс намысын қорғады. Мектеп оқушыларының бұл алғашқы жеңісі емес, 2018-2019 жылдары өткен дәл осы турнирде еліміздің чемпиондары атанған болатын. Биыл үшінші рет жеңімпаз атанып отыр. Жас спортшыларды тәрбиелеп, ел чемпионы атану жолында елшеусіз еңбек еткен жаттықтырушылар Н.Сарбасов, Д.Жаңбыршиев және Н. Бейсейтов.

 

Advertisements