ШЫМКЕНТ: Туристік орталық мамандарына шетелдік коуч-тренерлер өз біліктіліктерімен бөлісті

284

Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен гид-экскурсовод және қонақ үй қызметкерлеріне арналған семинар тренинг басталды. Іс-шараның басты мақсаты туризм саласындағы мамандардың қызмет көрсету сапасын жақсарту және білімін жетілдіру болып табылады.

Арнайы семинарда халықаралық коуч-тренер Майра Рахымбекова – «TURAN» университетінің туризм және сервис кафедрасының доценті, АТУ жанындағы Қазақстан – Швейцария туризм және мейманхана бизнесі институтының директоры – Ғалия Өтебекова, сондай-ақ Түркия Республикасынан онлайн байланыс арқылы коуч-тренерлер Mustafa Kemal және Ceri Erdal өз біліктіліктерімен бөлісті.

Тәжірибелі мамандардың айтуынша аймақтың туризмін одан әрі дамыту үшін шетелдік арналарға жарнамаларды көбірек шығарып әр қаланың әдемі жерлері туралы роликтердің жариялануына жалпы маркетинг бағытын қарқынды қолға алу қажет екендігін айта өтті.

Сан ғасырлық тарихы бар Шымкент қаласының туристік әлеуетін жетілдіруде, отандық және шетелдік туристерге ақпарат жеткізуде экскурсия жетекшілері мен гидтердің рөлі ерекше. Себебі кәсіби гид-экскурсовод бұл туристерге алғашқы әсер қалдыратын тұлғаның бірі. Сондықтан семинарда – қаламызға келетін туристермен жұмыс істейтін гид-экскурсоводтардың біліктілігін арттыруға басымдық берілді.

Айта өтейік, барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, сала өкілдерінің бас қосуы екі күнге жалғасатын болады.

Advertisements