ШЫМКЕНТ: Тазалық акциясы жалғасын тапты

302

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің қала аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі Б.Парманов аудан аумағындағы кезекті тазалық акциясына қатысты.

Аталған іс-шара Абай ауданы әкімі аппараты және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағымен бірге ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – тазалық жұмыстарын насихаттау, халық арасында қоқыс тастамау мәдениетін қалыптастыру.

Тазалық акциясы барысында «8 шағынаудандағы көп қабатты тұрғын үйлер аулалары мен аллеясы қоқыстан толығымен тазартылды. Іс-шараға 200 ерікті жастар мен аудан әкімі аппараты қызметкерлері, мердігер мекемелер қатысты.

Айта кетейік, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу, жастарды еңбекке баулу, жұмысқа деген ынтасын ояту және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында құрылған жоба.

Сондай-ақ, тазалық акциясы барысында «Нұрсәт» тұрғын алабындағы үйлер аулалары мен аллея қоқыстан толығымен тазартылды. Іс-шараға 40 ерікті (волонтер) жастар мен аудан әкімі аппараты қызметкерлері, мердігер мекемелер қатысты.

Advertisements