ШЫМКЕНТ: Жарты жылда 131,8 млрд. теңге инвестиция тартылған
Биылғы жылы Шымкент қаласына 6 айда 131,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға артқан. 7 айда бұл көрсеткішті 165 млрд. теңгеге жеткізу жопсарланып отыр. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысын Береке Дүйсебеков мәлімдеді.
Сонымен қатар, 2021-2025 жылдар жалпы құны 2,6 трлн. теңгені құрайтын 282 инвестициялық жоба іске асырылып, 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен қамтылатын болады. Оның ішінде, 2021 жылы жалпы құны 166,7 млрд. теңгені құрайтын, 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен,
68 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған. Бүгінде 10,2 млрд. теңгеге 10 жоба жүзеге асырылған.
Жалпы кәсіпкерлік қолдау картасы аясында бұл жылы 1 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 21 жобаны іске қосу көзделген. Қазіргі таңда оның 4 жоба іске қосылып, онда 100-ге жуық жұмыс орындары құрылды.
Инвестицияның артуына индустриялық аймақ, көлік-логистикалық аймағы және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы зор үлесін қосып келеді. Бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында 72 жоба іске қосылып, онда 4,5 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды және оған 62,0 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды. Ал, «Тассай» индустриалды аймағында жалпы құны 26,3 млрд. теңгелік 17 жоба іске қосылып, онда 1 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды.
Көлік логистикалық аймағында 32,5 млрд.теңгеге 53 жұмыс орнын құрумен 8 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде 15,9 млрд. теңгеге 225 жұмыс орнын құрумен 3 жоба жүзеге асырылған.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция көлемі 42,9 млрд. теңге тұратын 25 жоба іске асырылып, 2,3 мыңға жуық жұмыс орындары құрылды.