ШЫМКЕНТ: Жыл басынан бері 100 мың тоннадан аса ет-сүт өнімдері өндірілді

301

Шымкент қаласында биылғы жылдың алты айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 17,2 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артқан. Осы уақыт ішінде 8,7 мың тоннадан астам ет, 26,3 тонна сүт және 77,7 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

Есепті кезеңде ірі қара мал саны 82,8 мың басты, қой мен ешкі саны 113 мың басты, жылқы 14,8 мың басты, құс 975,6 мың басты құрап отыр.

Қалада жануарларға аса қауіпті 14 түрлі ауруға қарсы 1 508 815 басқа ауыл шаруашылығы жануарларына екпе егілді.

Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 70 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,5 млн. АҚШ долларына артқан. Нақты көлем индексі 126 пайызды құрап отыр. Өткен жылдың осы кезеңінде 55,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімі экспортталған болатын.

Қалада 241 гектар қарқынды бау, көкөністі қайта өңдейтін зауыт, құс фермаларының қуаттылығын арттыру, мал бордақылайтын орын мен сүт фермасы және балық шаруашылығын дамыту қолға алынды.

Advertisements