ШЫМКЕНТ: Қауіпсіздік пен жайлы орта – сапалы білім кепілдігі

315

Шымкентте жаңадан бой көтеріп жатқан білім ордалары заманауи үлгіде салынып жатыр. Жаңаша дизайнда жасалып, қабырғалары ерекше бояулармен әрленген.

Соңғы үлгідегі техникалар мен ерекше стильдегі жиһаздар да қойылады. Оқушыларға сапалы білім беру мақсатында лингафонды мультимедиялық кабинеттер, модификацияланған технологиялық бағыттағы сыныптар, СТЕМ-кабинеттермен қамтамасыз етілмек.

Қауіпсіздікті қадағалау үшін бейнекамералар қойылып, олар құқық қорғау органдарымен орталықтандырылады. Турникеттер мен дабыл батырмалары да назардан тыс қалмайды.

Бұл – құрылысқа жауапты мекемелерге қойылып отырған басты талап.

Себебі қауіпсіздік пен жайлы орта бар жерде сапалы білім болмақ.

Айта кету керек, білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту шеңберінде биыл 32 мектептің құрылысы қолға алынған. Оның ішінде 12 мектептің құрылысы мемлекет есебінен жүргізілсе, 20 мектепті жеке инвесторлар салуда. Биыл 20 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде апатты мектеп мәселесі түпкілікті шешіліп, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9 мектепке төмендейді.

Advertisements