ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

246

Шымкенттің келбетін келісті етіп, әрін арттыратын – оның жайқалған жасыл желегі, күтіп бапталған ағашар мен үшінші мегаполистің сымволына айналған ерекше гүл шоқтары. Қаланың шырайын шұғылалы ету мақсатында Әл-Фараби ауданында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде аудан аумағында жасыл-желектерді суғару, газондарды қырқып ретке келтіру жұмыстары атқарылып жатыр.

Сондай-ақ, тал-теректер отырғызып, оларға күтім жасау – ауданымыз үшін аса маңызды әрі қажетті жұмыстардың бірегейі -дейді әкімшілі қызметкерлері.

Биыл көктемде ауданның басты көшелерінің бойына қондырылған туя шыршалары тамырын кеңге жайып, жақсы өніп-өсуі үшін оларға арнайы қоршаулар жасалды. Шыршаларға суғару, күтіп баптау жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Аталған жұмыстар «Build stroi» мекемесі тарапынан жүргізілуде. Көгалдандыру жұмыстары одан әрі жалғаса бермек.

Сонымен қатар, мүлік иелерінің бірлестігіне тіркелген көп қабатты тұрғын үйлер де бүгінгі таңда нәтиже беруде. Мәселен, тұрғын үйлердің қасбетін реттеп, күтіп ұстау жұмыстарын тұрғындар өз есептерінен жүргізуде.

 

Advertisements