ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында заманауи 29 спорт алаңшасы салынады деп жоспарлануда

207

Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында заманауи 29 спорт алаңшасы салынады деп жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімінің шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту және баршаға қолжетімді спорт жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ашық спорт алаңшаларының 4-і меценат Серік Түлбасовтің жеке қоры есебінен салынып жатса, қалған 25-і бюджет қаржысынан салынатын болады.

Қазіргі таңда, демеуші есебінен салынып жатқан Қалдаяқов көшесі №4/5, Әлімбетов көшесі 45в, «Отырар» ш/а., №52 және «Текесу» тұрғын алабындағы спорт алаңшалары халық игілігне пайдалануға берілді. Қалған аулалар жыл соңына дейін салынып, пайдалануға берілетін болады. Бұл бағытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында да бірқатар шағынаудандарда спорт клубтары жұмыс істеуде.

2021 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен қамтылған азаматтар саны 340 мыңнан асты. Бұл қала тұрғындарының жалпы санының 31,2 пайызын құрайды.

 

 

Advertisements