ШЫМКЕНТ: 1728 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді

320

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша Тұран шағын ауданындағы кредиттік тұрғын үйлердің конкурсына өтінім беріп, төлем қабілетін растаған азаматтардың Отбасы банк берген хабарлама хаты жыл соңына дейін жарамды.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша «Шаңырақ» бағытымен тапсырылған несиелік 27 тұрғын үйді басқарма теңгеріміне мемлекеттік органдармен тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Несиелік бағыттағы пәтерлер толығымен тұрғын үй басқармасының теңгеріміне өткізілген соң, азаматтар сатып алу туралы келісім шартын рәсімдейді. Кейін банктен ипотекалық қарыз шартын беруді мақұлдау туралы хабарлама хатын ұсынып, тұрғын үй сертификатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағытымен тұрғын үй кезегінде тұрған 1728 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді.

Аталған бағыт бойынша азамттарға қойылатын басты талаптар:

1. Тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген мөлшерінен аспайтын (2021 жылға-126 917 теңге), отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 ай үшін Еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен табыстың болуы;

2. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тіркелу.

Advertisements