Шымкенттік спортшы Паралимпиада ойындарында бақ сынайды

303

24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода XVI жазғы Паралимпиада ойындары өтеді. Қазақстан Ұлттық Паралимпиада құрама командасы дүбірлі додаға аттанып кетті.

Отандық спорт тарихында алғаш рет аталған дүбірлі додаға 26 спортшы қатысады. Атап айтқанда, паралимпиадашылар жүзуден 7, дзюдодан 7, пауэрлифтингтен 5, таеквондодан 3, жеңіл атлетикадан 2, каноэден 1 және нысана көздеуден 1 лицензия иеленді.

Байрақты бәсекеде Шымкент қаласының спортшысы Роман Агалаков та бақ сынайды. Жерлесіміз пара жүзуден 25, 26 тамыз күндері жүлдеге таласып көрмек.

Барша спорт жанкүйерлерін отандастарымызға қолдау көрсетуге шақырамыз.

Қазақстаннан келесі спортшылар қатысады: Сиязбек Далиев, Нұрәлі Совканов, Зульфия Габидулина, Әлия Рахымбекова, Нұрдәулет Жұмағали, Ержан Сәлімгереев (пара жүзу), Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілхасымқызы (пара жеңіл атлетика), Аманжол Жанбота, Зарина Байбатина, Дәулет Теміржан, Даяна Федосова, Әнуар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы (пара дзюдо), Спатай Бибарыс (каноэ жұбы), Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Камиля Досмалова (пара таеквондо), Давид Дегтерев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Абдыхалықова, Алина Солодухина (пара пауэрлифтинг) және Айсұлу Жұмабаева (жұп оқ ату).

 

Advertisements