ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлерге 6 пайыздық жеңілдікпен несие беріледі

301

Шымкент қаласында «Бизнестің жол картасы» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Қарапайым заттар экономикасы» (Басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі) жобасы аясындағы 6%-дық жеңіл несие – халық күнделікті тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету бағытындағы кәсіпкерге берілген мол мүмкіндік, зор көмек.

Бұл бағдарлама аясында несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, қарыз жүгін азайтужәне банк талап еткен кепіл зат жеткіліксізболғанда – кепілдік беру қарастырылған.

Енді осы екі құралға жеке-жеке тоқталсақ:

СУБСИДИЯ. Бұл құралдың арқасында 15 пайыздық несиені 6 пайызға түсіре аласыз.

Бағдарлама бойынша субсидиялау шарттары:

Максимал сома: шектеу жоқ

  • Мөлшерлемесі — 6% (15%-дық сыйақы мөлшерлемесінің 9%-ын субсидиялаудың нәтижесінде)

Несие мерзімі:

Айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылға дейін

инвестицияға — 10 жылға дейін

КЕПІЛДІК. Банк талап еткен кепіл зат сізде жеткіліксіз болса – Қор несие сомасының 50 пайызынадейін кепіл болады.

Кепілдік беру шарттары:

Максимал сома: 5 млрд теңгеге дейін.

Кепілдік мөлшері:

3 млрд теңгеге дейінг інесие сомасының 50%,

5 млрдтеңгегедейінгі несие сомасының 30%.

Кепілдік мерзімі: несие мерзімінен аспайды

Advertisements