Шымкентте агро саланы дамыту бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асады

231

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің жетекшілігімен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Онлайн форматта өткен жиынға салалық басқарма басшылары мен аудан әкімдері, іскерлік орта өкілдері қатысты.

Штаб отырысында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы ұсынған инвестициялық жобалардың өзекті мәселелері қаралды. Оның ішінде жылына 50 млн дана жұмыртқа шығаруды көздеп отырған «Аймар құс» ЖШС-ның құс фабрикасын ашуға қажетті инфрақұрылым тарту мәселесі сөз болды. Жобамен мұқият танысқан қала әкімі М.Әйтенов салалық басқарма басшыларына тиісті ұсыныстар енгізу жөнінде тапсырма берді.

Құс фабрикасын салуға «Шағыр Агро» компаниясы да мүдделі екендігін білдіруде. Мұнда жылына 20 мың тонна бройлерлік құс еті өндірілмек. Жобаны іске асыру үшін аумақтың егжей-тегжейлі жоспарына өзгерістер енгізілуі қажет. Қала әкімі М.Әйтенов бұл мәселе бойынша да салалық басқармаға мәселені толық зерделеп, тиісті шешім қабылдауды жүктеді.

Басқарма ұсынып отырған тағы бір жоба – 600 бас ірі қараға арналған ет-сүт фермасы. Бұл жоба бойынша қаланың Бас жоспарына сәйкес нақты шешім қабылданатын болады.

Advertisements