Шымкенттің туристік әлеуеті жақсарып келеді

279

Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent»  туристік-ақпараттық орталығы» КММ-і жыл басынан бері 5 476 адамға анықтамалық-консультациялық қызмет көрсетті.

Бұл туралы басқарма басшысының міндетін атқарушы Арман Сәрсенов @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфирде 5  айда атқарылған  жұмыстары туралы баяндамасында мәлімдеді.

Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының негізгі мақсаты – ішкі туризмді дамыту және туристік саладан түсетін табысты арттыру. Бұл ретте, туризмді дамытудың 5 бағыты айқындалып отыр. Олар: жүйелік іс-шаралар, туристік инфрақұрылымды жақсарту, маркетингтік ілгерілету, сыртқы байланыстарды және медициналық туризмді дамыту.

«Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының негізгі мақсаты – туристер мен қала қонақтарына «бір терезе» қағидасы бойынша ақпараттық-консультативтік көмек көрсету. Қала аумағында туристер көп шоғырланатын орындарда (әуежай, темір жол вокзалы, саябақтар мен Арбат) 7 ақпараттық дүңгіршек қызмет атқарады.

Қалада орналасқан ақпараттық киоскілер тарапынан жыл басынан анықтамалық-консультациялық қызмет көрсетіліп келеді (АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан, Мажарстан, Ресей, Корея, Өзбекстан және т.б.). Қонақтарға қала туралы бүктемелер, кітапшалар және карталар таратылып, 55 экскурсия өткізілді.

Қаладағы туризм саласына қажетті нысандардың жағдайын анықтау үшін түгендеу жұмыстары жүргізілді. Туристік нысандардың дерек қоры жасақталып, сауалнама түзілді. Шымкенттің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында жыл басынан бері бірқатар мекемелермен 13 меморандумға қол қойылды.

Advertisements