ШЫМКЕНТ: «Nur Otan» партиясында карантиндік талаптардың сақталуы тарлы жиын өтті

223

Бүгін онлайн форматта «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынды аталған кеңестің төрағасы Тасқынбай Бүрлібаев ашып, жүргізді. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Бекайдар Тулегенов, Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Мұрат Алтаев, Шымкент қаласының санитарлык эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов, қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков, қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Бауыржан Омартаев, қаламыздағы төрт ауданның әкімдері мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Қоғамдық кеңесте жыл басынан бері әртүрлі отбасылық жиындар мен мерекелік іс-шараларды жасырын ұйымдастырып отырған тойхана, ірі кафелер мен ойын-сауық орындарының иелеріне қолданылған шаралар туралы тиісті мекеме басшыларының есебі және алда атқарылатын жұмыстары талқыланды. Осыған байланысты Еңбекші және Әл-Фараби аудандарының әкімдері аудан көлемінде карантиндік талаптардың сақталуы және мобилдік топтардың жұмысы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар карантиндік талаптарды сақтауда ішкі істер органдарының қызметі туралы қалалық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Мұрат Алтаев баяндама жасаса, қала аумағында карантиндік талаптарды бұзған мекемелерге салынған айыппұлдар жөнінде Шымкент қаласының санитарлык эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов есеп берді.
Қоғамдық кеңес отырысын қорытындылау кезінде Тасқынбай Бүрлібаев заң баршаға ортақ екенін, сондықтан қала тұрғындарын қазіргі таңда той және тағы да басқа отбасылық мерекелерді өткізбеуге шақырды.
Advertisements