Шымкентте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында спорт алаңы ашылды

237

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балалар спортына басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет» деген. Осыған сәйкес, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жол картасының осы жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылатын іс-шаралар қатарында Street Workout спорт алаңшаларын салу қарастырылған.
Қазіргі таңда Әл-Фараби және Абай ауданында кәсіпкер Серік Тульбасовтың қолдауымен жалпы саны 4 спорт алаңшасы тұрғындардың игілігіне берілді. Алдағы күндері Қаратау және Еңбекші аудандарында тағы үш алаңша қолданысқа беріледі.
Спорт алаңдары воркаутпен айналысуға арналған спорттық жабдықтармен жарақтандырылған.
Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы бұқаралық спорттың дамуына бет бұрып, оған өз үлестерін қосып, жомарттық танытқан кеңпейіл азаматтарға алғыс білдіреді.
Advertisements