ШЫМКЕНТ: ШАЛҒАЙ АУДАНДАРҒА БАРАТЫН АВТОБУСТАР САНЫ КӨБЕЙЕДІ

285

№21 маршрут «Құрсай ш/а – Айқап ш/а» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 14, ал демалыс 10 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілігі жұмыс күндері – 12мин, демалыс күндері – 15мин құрайтын. Халықтың көпшілігі №21 маршрут бойынша шағымында адам ағыны жоғары болуын айтады. Бұл мәселе бойынша маршрутқа тағы да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10мин құрап отыр.

№34 маршрут «Қазғұрт ш/а – К.Цеткина к-сі» бойынша қызмет көрсетеді. «Бек-Сервис» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 7, ал демалыс 6 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері – 12мин, демалыс күндері – 15мин құрайтын. Енді халық шағымдарының көпшілігі бұл маршруттың ескілігіне, кондиционердің жоқтығына және адам жиілігінің жоғары болуына шағымданады. Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша маршрутқа тағыда 5 автобус қосылып, аралық интервал 8-10мин құрап отыр. Бұл маршрут бойынша FAZ,VECTOR, JAC автобустары қызмет көрсетеді.
№171 маршрут «Бозарық саяжай – Военкомат» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 5, ал демалыс 4 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері – 26мин, демалыс күндері – 32мин құрайтын. Қазіргі уақытта бұл маршрутқа тағы да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10мин құрап отыр.

№171А маршрут «Бозарық ш/а – Военкомат» бағыты бойынша жүреді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 14, ал демалыс 10 автобус болып қызмет көрсетеді. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері – 12 мин, демалыс күндері – 15 мин құрайды.күндері 5, ал демалыс 4 автобус болып қызмет көрсетеді. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері – 26 мин, демалыс күндері – 32 мин құрайды.

Қазіргі уақытта бұл маршрутқа да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10 мин құрап отырғанын айтты.

Advertisements