ШЫМКЕНТ: Барлық бағыттардың дамуы ел тағдыры үшін маңызды

311

1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен қатар еліміздің тарихында жаңа бір саяси жаңалық орын алып отырғаны баршамызға белгілі. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігіне ерекше тоқталды.

Сондай-ақ, әлем пандемияны толық жеңуі үшін кем дегенде 2 жыл мерзім уақыт керек екенін, ал қазіргі таңдағы пандемия алып келген экономикалық-әлеуметтік дағдарысты қалыпқа түсіруге 5 жыл уақыт кететіні де айтылды. Ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы ел тағдыры үшін маңызды.
Қазіргі қоғам – білімді жастардың қоғамы. Жастардың бел ортасында еңбек етіп жүргендіктен, білім саласында болып жатқан барлық өзгерістер мен жаңалықтар менің жаныма жақын. Ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсына келе, ел Президенті өз Жолдауындағы бесінші мәселе ретінде білім беру саласына тоқталып өтті.
Әлем елдеріндегі пандемиялық жағдайларды ескере, еліміздегі карантиндік жағдайды қатаң сақтай отырып, білім беру саласының қашықтан ұйымдастырылып отырғанын, сондай-ақ қашықтықтан білім беру жүйесінің әдеттегі дәстүрлі сабаққа жетпейтініне тоқталды. Дәстүрлі жүйе бойынша білім алуға барша жағдай жасауды тапсырып отыр.
Басты назарды жасөспірімдердің спорт пен шығармашылық тұрғыда білім алуына жағдай жасауға жұмсауды тапсырды. Әрбір жас бүлдіршінге мектепке дейінгі оқу-тәрбие берілуі керектігін, балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру орындарын көбейту үшін жұмыс жасауды, білімді ұрпақтың ел болашағы екенін еске салды.
Сондай-ақ,Мемлекет басшысы Мемлекет басшысы Жолдауда жоғары санатты отандық IT мамандарды әзірлеуді тапсырды. Қазақстан үшінде зауанами цифрлық техонологияны енгізу мен қолдану маңызды екенін айтты. Қазіргі заманда бәсекелестіктегі басым бағыттардың бірі цифрландыру. Бұл қазіргі жастардың жаңа мамандықты игеріп, алдағы уақытта заман көшінен қалмауына үлкен мүмкіндік береді.
Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Шымкенттік білімді жастарды межелі міндеттерді орындауда белсенділік танытуға шақырамын.

Мағжан ИСАХОВ,

«JAS OTAN» жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы

Advertisements