ШЫМКЕНТ: Бозарыққа жаңа автобустар қатынайды

286

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов бүгін @akimat_shymkent парақшасынан тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап берді.

Әлеуметтік желілерде басқармаға қатысты қойылатын ең маңызды сұрақтардың бірі – қоғамдық көліктердің жаңарған бағыттары, яғни көп талқылау жүргендері – №17,21,34,171,171А. Эфир кезінде басқарма басшысы осы тақырыпқа кеңінен тоқталды.

№171 маршрут «Бозарық саяжай – Военкомат» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 5, ал демалыс 4 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері – 26мин, демалыс күндері – 32мин құрайтын. Қазіргі уақытта бұл маршрутқа тағы да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10мин құрап отыр.

№171А маршрут «Бозарық ш/а – Военкомат» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 14, ал демалыс 10 автобус болып қызмет көрсетеді. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері – 12мин, демалыс күндері – 15мин құрайды.күндері 5, ал демалыс 4 автобус болып қызмет көрсетеді. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері – 26мин, демалыс күндері – 32мин құрайды.
Қазіргі уақытта бұл маршрутқа да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10мин құрап отырғанын айтты.

Advertisements