ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 17 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

256

Шымкент қаласында халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шараларын жүйелі жүргізу басты назарға алынған. Осыған орай, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл 21 942 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланды. Ал 2021 жылдың 8 ай көрсеткіші бойынша нақты 17 129 адам жұмыспен қамтылды.

2021 жылдың 8 айында бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 2500 адам жіберілді. Сондай-ақ, 2101 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жіберілсе, 52 адамға шағын несие, ал 584 адамға мемлекеттік грант берілді. Сонымен бірге, 5827 адам бос жұмыс орындарына, 299 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1176 адам жастар практикасына, 2837 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға және 86 жас алғашқы жұмыс орнына орналасты.

Осыған орай, айта кетерлігі жұмыссыз жүрген азаматтардың жұмыспен қамту бағдарламасы сияқты мемлекет қолдау білдіріп отырған аталмыш шараларға қатысып, жұмыс табуына мол мүмкіндіктері бар.

Ал жұмыспен қамту шараларына қатысуға байланысты сұрақтар бойынша тұрғылықты мекенжайда орналасқан қала тұрғындары төмендегідей жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуге болады:

✓Абай ауданы бойынша Жиделі байсын көшесі, 92 («Бекжан» базары, «Бекжан» сауда орталығы, 1 қабат).
✓Әл-Фараби ауданы бойынша А.Байтұрсынов көшесі мен Мирас көшелерінің қиылысы, А.Байтұрсынов көшесі ,201.
✓Еңбекші ауданы бойынша Күншығыс» м/а, Жолан батыр көшесі 115/2.
✓Қаратау ауданы бойынша «Нұрсәт» м/а, С.Бәйтереков, 89 үйде орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығына қарайды.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-19.00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00-ге дейін).

Advertisements