ШЫМКЕНТ: Дәстүрлі түрде алғашқы қоңырау соғылды

186

Дәстүрлі түрде алғашқы қоңырау соғылды. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді, олардың болашағының негізін қалаушы ардақты ұстаздарымызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Шымкентте мемлекеттік білім беру бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Жаңа оқу жылында 20 мектеп ашылып, 2 мектептің қосымша корпусы аяқталды. Осылайша мегаполисте апатты мектептер жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға азайды. Жыл соңына дейін тағы 4 жаңа мектеп ашылады. Ал 2025 жылға дейін мегаполисте 72 мектеп салу жоспарлан. Бұл ауқымды жұмыстар қаламызда білімнің сапасын жоғарылатуға зор ықпалын тигізеді, – деді Бахадыр Мәдәліұлы.
Жаңа мектеп қаладағы Жансүгіров көшесінің бойында, 1934 жылы ыңғайластырылып салынған бұрынғы апатты №79 мектеп ғимаратының орнына салынды. Білім ордасы үш айдың ішінде тұтастай жөнделіп, жаңа келбетке ие болды. Қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов жекеменшік мектептің құрылтайшыларымен бірге ғимаратты аралады. Бұл мектепте бір ауысымда 1000 бала қабылданады. 74 оқу бөлмесі мен жаңа үлгідегі биология, физика, химия, информатика, мультимедиялы-лингофон кабинеттері, интерактивті тақталар, кітапхана, асхана, акт, спорт залдары, спорт алаңы, қыздарға және ұлдарға арналған шеберханалармен қамтылған.

Advertisements