ШЫМКЕНТ: Егу науқаны басталғалы барлығы 429 857 адам вакцинацияланды

233

Шымкентте 31 тамызда КВИ-дің 140 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 117, белгілері жоқ – 23). 91 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 49 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 050 орын бар, төсек орын толымдығы 50%-ды құрайды, 1498 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1552 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 504 төсек орын бар, 300 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде 6412 адам вакцина алды оның ішінде (I компонент-3020, қалғаны II компонент-3392). Егу науқаны басталғалы барлығы 429 857 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 362 201 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін мобильдік топтар 344 нысанға тексеру жүргізді. Оның ішінде 3 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Мамандар карантин талаптарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке алып келіп қана қоймай, қоғам денсаулығына да әсер ететінін ұмытпау қажет дейді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Advertisements