ШЫМКЕНТ: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерімен кездесті

230

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Серікұлы Оспанов Қаратау аудандық филиалға қарасты бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерімен кездесті. Партия мүшелерімен тығыз байланыста жұмыс істейтін БПҰ партиялық жобалардың жүзеге асыру барысын талдап көрді. «Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуына бастауыш партия ұйымдарының ықпалы үлкен. Жергілікті жерде партия бағдараламасының әр бабынының орындалуын партия мүшелері зерделеп отырады.
«Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филалында 11 бастауыш партия ұйымы бар. Тіркелген партия мүшелері 7561. Олар 97 партия тобына біріккен. Ауданнан праймеризге қатысып, 4 мүше қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Мәжіліс депутаты Б.Оспанов партияның мықтылығы бастауыш партия ұйымдарындағы атқарылып жатқан жұмысқа тікелей байланысты екенін айтты. Партиялық жобалар әлеуметтің әр тобына лайықталып жасалған. Сол жобаларды жүзеге асыру арқылы еліміздегі ең үлкен саяси күшке айналып отыр. Елбасы, Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен біздің партия өткен сайлауда Шымкенттегі сайлаушылардың 80,7 пайыз дауысын жеңіп алды. Бұл біз ұстанып отырған бағыттың дұрыс, тұрғындардың бізге деген сенімі бар екенін білдіреді.
Азат БПҰ төрайымы Ә. Сәбитова мәжіліс депутатына шағынаудандағы жер мәселесін айтты. Осы Азат шағынауданында «Nur Otan» партиясының мұрындық болуымен жол салынды, сапалы ауыз мен электр жарығы жеткізілді. Газ тартылып жатыр. Бұл іске тұрғындар тарапынан алғыс айтылды.
Мәжіліс депутаты Б.Оспанов фракция мүшесі ретінде партиялық жұмысты жетілдіру үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, партия мүшелері арасында үгіт-насихат, идеологиялық жұмыс жүргізу мен Президенттің халыққа Жолдауын түсіндіру, партия филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыруда белсенділік танытуға шақырды.

Advertisements