ШЫМКЕНТ: «Жастардан-жастарға» ақпараттық керуені жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

191

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әрі 30 тамыз Конституция күні қарсаңында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «𝗝𝗮𝘀 𝗢𝘁𝗮𝗻» жастарының ұйымдастыруымен «Жастардан-жастарға» ақпараттық керуені жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы “Nur Otan” паритиясының Шымкент қалалық филиалы баспасөз қызметі хабарларды.

Жоба аясындағы түсіндірме жұмыстары Абай ауданына қарасты, Ынтымақ шағын ауданында өтті.

Аталған жобаның мақсаты – Шымкент қаласы, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында орналасқан шалғай елді – мекендердегі  жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу және NEET санатындағы жастар үлесін азайту.

Жобаға «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің мамандары, «Отбасы банк» АҚ – мамандары, «𝗝𝗮𝘀 𝗢𝘁𝗮𝗻» жастарының белсенді жастары және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мен «Жастардан – жастарға ақпараттық керуен» жобасына арнайы құрылған мобилді топ қатысты.

 

Advertisements