ШЫМКЕНТ: 100-ге жуық санақтан онлайн өту бұрыштары бар

246

Биылғы жылғы 1-30 қазан аралығында өтетін санақтың ІІ кезеңіне 186 нұсқаушы-бақылаушы және 1304 интервьюерлер қамтылмақ. Бұл жұмыстарға жоғары оқу орындарында, колледждерде білім алатын студенттер, нұсқаушы ретінде ниет білдірген мұғалімдер, әдіскерлер, үй және көше басқарушылары, ауыл билері тартылуда. Қала әкімі бұл жұмыстарды ұйымдастырып, өткізуге Шымкент қаласы толық дайын екендігін мәлімдеді.

Қала басшысы атап өткендей, санақ науқаны барысында қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдай барынша ескерілген. Санақ персоналы өз міндеттерін атқару барысында санитарлық талаптарды ұстанады және коронавирусқа қарсы вакцина алуда.

Қаланың ірі кәсіпорындарында, сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Кәсіпкерлер палатасы ғимаратында, халық көп шоғырланатын жерлерге 100-ге жуық санақтан онлайн өту бұрыштары дайындалған.
Санақ персоналы үшін 155 нұсқаушылық учаскелер белгіленіп, олар кеңселік құрал-жабдықтармен, жиһазбен, телефон байланысы және интернетпен қамтылған. Қала орталығынан шалғайда жатқан аумақтарға шығу үшін 14 автокөлік дайындалған.

Санақ науқанының мәні мен мазмұнын түсіндіруде қала көшелеріне тақырыптық 50 билборд пен 4 тартпа орнатылған. Қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерге барлығы 5 мың дана ақпараттық парақшалар орналастырылуда. Телеарналар мен әлеуметтік желілерде 11 бейнероликтің көрсетілімдері ұйымдастырылуда.

Advertisements