ШЫМКЕНТ: ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ – ЖАСТАРҒА ЕҢБЕК ЖОЛЫН АШАДЫ

225

 

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Жастар практикасы» бағыты бойынша жұмысқа орналасқандардың бірі – Валерия Полукчи.

Шымкенттік жас биылғы жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Кәсіпкерлік экономика құқығы саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдаған. Оқу бітіріп, қолына диплом алған жас маман шілде айында Шымкент қаласының полиция департаментіне жастар практикасымен 6 ай мерзімге жолданып, қазіргі таңда тәжірибе жинақтауда.

Жалпы, «Жастар практикасы» бағдарламасы жоғары оқу орындары мен колледж түлектерінің меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылған. Бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2019,2020,2021ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері бір рет қана қатыса алады. Жалақы көлемі – 25 АЕК.

Жыл соңына дейін 2500 шымкенттік жасты уақытша жұмыспен қамту жоспарланған болса, осы уақытқа дейін 2350 жұмыссыз қаладағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданған. Жоспар 94 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде 40-тан астамы жолданған мекемелерде тұрақты жұмысқа орналасқан.

Advertisements