ШЫМКЕНТТІК ӨРТ СӨНДІРУШІ ҮШ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

305

 

2021 жылдың 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында XIV және әйелдер арасында VII әлем чемпионаты өтті. Әлемдік сайысқа дүниежүзінің 18 елінен 9 ерлер және 5 әйелдер командасы қатысты.

5 қыркүйек күні өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты аясында жарыстың соңғы кезеңі өткен болатын. Командалар жауынгерлік өрт сөндіру әрекеттерін толық құраммен орындау жаттығуы бойынша бақ сынады. Өрт сөндіру-құтқару спортының бұл командалық түрі өрт сөндірушілердің іс-қимылдарының ептілігін көрсетеді.

ҚР ерлер құрама командасы 25,55 секунд нәтижесімен 1 орынды иеленіп, жалпы командалық есепте 4 орынға жайғасты. ҚР құрамасының сапында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің спортшысы, жауынгерлік қанат жаюдан үш дүркін әлем чемпионы Вахиджан Қазақбаев өнер көрсетті.

Вахиджан Қазақбаев – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жауынгерлік қанат жаюдан 3 дүркін әлем чемпионы. 2011 жылдан бастап өрт сөндіру-құтқару спортымен айналысады.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетуде. ҚР чемпионаттарының жеке түрлері бойынша жеңімпазы және жүлдегері.
Оқу мұнарасының 4-ші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу және 100 метрге кедергілері бар жолақтан өту, сондай-ақ командалық түрлерде 4х100 м өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю. Халықаралық жарыстар мен әлем чемпионаттарының қатысушысы.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Advertisements