ҚОЙЫЛЫМ — СУРЕТТЕН БАСТАЛАДЫ

454

Театрдағы әр қойылым сахна сыртында қалатын, көрермен көзіне көрінбейтін, алдын ала атқарылатын көптеген дайындық процестерінен тұрады. Осы жұмыстарды жылдан жылға атқарып жүрген азаматтарды және олардың еңбегін таныстыру мақсатында “ ҚОЙЫЛЫМ НЕДЕН БАСТАЛАДЫ?” атты айдарды ашып отырмыз.

Бір де бір қойылымды арнайы костюмсіз елестету мүмкін емес. Бүгінгі күні назарларыңызға Шымкент қалалық әзіл сықақ және сатира театрының @satirateatr киім дизайнері ЕРЖАН ДОСЖАНОВты ұсынамыз.

Костюм – өткір әлеуметтік, сатиралық, гротескілік, трагедиялық, ертегілік, т.б. образдар дүниесін жасаудағы театр суретшісі шығармашылығының жеке бір саласы. Костюм сахналық образдың ұлттық, әлеуметтік ерекшелігі мен мінез-болмысын айқындай түседі. Суретшілер спектакльге қажетті киім үлгілерін жасайды. Мұндай шығармашылық процесс кезінде әрбір киімнің қандай матадан тігілетіні, өлшемі мен үлгісі қатаң ескеріледі. Костюм актерге сахна кейіпкерінің ішкі жан дүниесін ашуға көмектеседі. Кей костюм дизайны санаулы минут ішінде біте қойса, енді кей бірі бірнеше күнге дейін уақыт алып жатады.

Advertisements