Шымкентте мемлекеттік мектептердегі педагогтардың жалпы саны 18 770 құрайды

253

Шымкентте педагогтар саны – 28 702. Жалпы орта білім беретін мектептерде 19 534 педагог жұмыс істейді, мемлекеттікте -18 770, ал жекеменшікте -764 .

Кадрлық әлеуетті дамыту бойынша педагогтар еңбекақысын кезең-кезеңімен жоғарылауы, біліктілікті арттыру курстарынан өткізу, шеберлік деңгейі бар педагогтар үлесін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандығы бар педагогтар үлесін арттыру жоспарланған.

Жоспарға сәйкес, 2021 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың 190 педагогы (тәрбиеші-165, меңгеруші-25) қайта даярлау курсынан өткізіліп, қаладағы 524 мемлекеттік балабақшалардағы 4 225 педагогтардың ішінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі бары 2 886 (68,3%) құрап отыр.

Қазіргі таңда, қаладағы мемлекеттік мектептердегі педагогтардың жалпы саны – 18 770. Оның ішінде, жалпы орта білім беру ұйымдарында шеберлік деңгейі бар педагогтар саны — 10 503 педагог (55,9%).

2021 жылға біліктілік деңгейі бар педагогтар санын белгіленген көрсеткішке (59,5%-ға) қол жеткізу үшін Ұлттық біліктілік тестілеуден 4 080 педагогты өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 2 657 педагог ҰБТ тапсырған. ҰБТ тапсыру қараша айына дейін жалғасатын болады.

Педагог қызметкерлердің сапалық құрамын арттыру бойынша жыл сайын «Өрлеу» БАҰО Шымкент қаласы филиалында, Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуда.

2025 жылы 85%-ға жетеді деп күтілуде және педагогтар еңбекақысы 2 есеге ұлғайып, орташа еңбекақы 253 мың теңгені құрайды деп жоспалануда.

Ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ:

— Педагогтердің біліктілігін арттыру — 5658

— Педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыру — 12000

— Пән мұғалімдердердің ассоциациясын құру — 17 пән бойынша

— Кадрлық резерв институтын құру — 186

Нәтижесінде Республикалық «Үздік педагог» байқауына 21 педагог ұсынылды, қаламыз «Күнделік kz» — республика бойынша екі рет «Алтын түйме» иегері атанылды, Кадрлық резервтің 28 үміткері мекеме басшылығына арналған тест тапсырып шекті балл жинаған. 6 үміткер директор болып тағайындалды, біліктілік деңгейі бар педагогтар үлесі – 61,5 (1553 педагог) жылдың соңына дейін санатын көтереді.

Аталған бағыттағы өзекті мәселелер:

— Орыс тілінде сабақ беретін педагогтар тапшылығы – 106.

Шешу жолдары:

— Орыс тілінде оқытатын педагогтар жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жергілікті ЖОО меморандум жасалып, 2020-2025 жылдар аралығында педагог мамандар даярланланатын болады.

Advertisements