«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»

467

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуын іске асыру мақсатында «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері Шымкент қаласының Білім басқармасының №46 мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесі және №38 орта мектебінің қосымша ғимаратының құрылысына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мобилдік топ мүшелері:
Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері: Оспаналиева Рашкүл Жалелқызы, Наимбекова Айжан Избасханқызы
Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері: Шунгараева Гүлайым Аскерқызы, Омаров Жомарт Шайхыбекұлы, Сейтов Марат Ережепұлы, Анарбаев Нұрлан Абибуллаұлы.
№46 мектеп-лицейінің 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысын 2021 жылдың шілде айында «Корпорация АҚ ордасы» ЖШС жүргізіп бастаған. Мемлекеттен бөлінген қаржының көлемі 950 007 520,00 теңгені құрайды. Мердігер мекеме 2022 жылы қолданысқа берілетіні туралы түсініктеме берді.
Екінші нысан №38 орта мектебінің бастауыш сыныптарына арнап салынып жатқан 300 орындық қосымша ғимараты болды. Құрылысты жүргізуші «SCS ИНЖИНИРИНГ» ЖШС. Жобаның сметалық құны 921,4404 млн.теңгені құрайды. Құрылыс 2020 жылдың маусым айында басталған, 2022 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Қазыргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Комиссия мүшелері кешеннің құрылысының сапасымен танысып, тиісті ұсыныс, ескертпелерін жасады.

Advertisements