Шымкент : Көпқабатты 10 тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі

312

Шымкент қаласының коммуналдық тұрғын үй қорындағы 10 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде,  Нұрсәт шағын ауданы және Желтоқсан көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер кіреді.

Аталған көппәтерлі тұрғын үйлердің басым көпшілігінің шатыры ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігі анықталған.

Қазіргі таңда басқарманың  теңгерімінде – 127 коммуналдық көппәтерлі тұрғын үй тіркелген. Оның ішінде: 63 – сатып алу құқығымен, 64 – сатып алу құқығынсыз болып белгіленген. Басқарма тарапынан аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, 63 коммуналдық тұрғын үйлерді (сатып алу құқығымен) кондоминиум объектісі ретінде тіркеу және оны басқару нысандарын таңдау үшін әзірленген Жол картасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, үйлерді кондоминум нысаны ретінде тіркеу үшін жер учаскесінің мемлекеттік актісін алу мақсатында жергілікті бюджет есебінен қаражат қаралуда.

Айта кету керек, көппәтерлі тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеуден өткізуге – баспаналардың  жалпы ортақ мүлкі тозған үйлердің барлығы жатқызылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Advertisements