Шымкент : Абай ауданында ифрақұрылым мәселесі шешілуде

277

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов қала әкімдігінің «Instagram» желісіндегі ресми парақшасында өткен тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді. Аудан әкімі алдымен өңірлердің даму стратегиясы бойынша 2021 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Бұқарбай Рысқұлұлының айтуынша, ауданда 34 елдімекеннің 24-і сапалы ауыз сумен қамтылып, бұл көрсеткіш 71 %-ды құрап отыр. Бүгінде Жаңаталап, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ және Қызылжар тұрғын алабында құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Көмешбұлақ су көзінен Қ.Төлеметов көшесіне дейінгі магистралдық су құбырының құрылыс жұмыстары аяқталған соң аталған елді мекендер сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Қалған 5 елді мекен тасымалды ауыз суын пайдаланады.

Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 26-ы (80%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 8 елді мекен (20%)  жекеменшік трансформаторларды пайдаланады.

2021 жылы 8 елді мекенді электр жарығымен қамту үшін биылға қаржы бөлінген. Нұршуақ, Жаңаталап, Ынтымақ-2, Ынтымақ-2 шағынауданының Батыс бөлігі, Айкөл, Ақжар тұрғын алабында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Advertisements